

PRIVACY POLICY
MONSTER ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ САЯСАТЫ
Соңғы жаңартылған күні: 2025 жылғы қазан
Monster Energy Company («Monster», «біз», «бізді», «біздің») компаниясы біз жинайтын дербес ақпараттың құпиялылығы мен қауіпсіздігін қорғауға ұмтылады және сіздің дербес ақпаратыңызды қалай жинайтынымызбен, өңдейтінімізбен және ашатынымызбен танысқаныңызды қалайды. Бұл Құпиялылық саясаты («Құпиялылық саясаты») дербес ақпаратты өңдеу ережелері мен тәжірибелерін сипаттайды, оларды біз сізден немесе сіз туралы онлайн, сол сияқты офлайн режимінде жинаймыз. Ол осы веб-сайтқа («Веб-сайт»), бағдарламалық қосымшаларға («Қосымшалар»), әлеуметтік желілерде (біздің «Әлеуметтік желілердегі беттеріміз»), электрондық хабарламаларға, SMS-хабарламаларға немесе біз қолданатын басқа байланыс арналарына (біздің «Коммуникациялар»), сатып алуға және/немесе біздің өнімдерге («Өнімдер») қол жеткізу, ұтыс ойындарына, конкурстарға, ұтыс лотереяларға, сыйлықтарға, адалдық бағдарламаларына, конкурстарға және біз жарнамалайтын және өткізетін ұқсас акциялар («Акциялар»), сондай-ақ осы Құпиялылық саясатына сілтеме жасайтын кез келген басқа құралдарға, іс-шараларға немесе өткізілетін орындарға (Веб-сайтпен бірге, Қосымшалар, Әлеуметтік желілердегі беттер, Коммуникациялар, Өнімдер мен Акциялар жиынтығы
«сервистер» деп аталады) қолданылады.
Осы Құпиялылық саясатының мақсаттары үшін «дербес ақпарат» сәйкестендірілетін жеке тұлға туралы кез келген ақпаратты, соның ішінде осындай адамды тікелей немесе жанама түрде сәйкестендіретін кез келген ақпаратты білдіреді.
БІЗ ЖИНАЙТЫН ДЕРБЕС АҚПАРАТТАР
Сіз біздің Қызметтерді пайдаланған кезде біз келесі дербес ақпарат санаттарын жинай аламыз:
Идентификаторлар: мысалы, нақты аты-жөні, лақап аты, пошталық мекенжайы, бірегей жеке идентификатор, онлайн идентификатор, жүйеге кіру деректер, электрондық пошта мекенжайы, телефон нөмірі, есептік жазба атауы, пайдаланушының аты және құпиясөз;
Мемлекеттік орган берген сәйкестендіру: мысалы, әлеуметтік сақтандыру нөмірі, жүргізуші куәлігінің нөмірі, төлқұжат нөмірі немесе тек Акцияларды өткізу үшін қажет болған жағдайда сіздің келісіміңізбен осыларға ұқсас басқа идентификаторлар.
Демографиялық ақпарат: туған күнін қоса алғанда, жынысы немесе елі;
Коммерциялық ақпарат: мысалы, банктік шоттары мен төлем карта деректерін қоса алғанда қаржылық және төлем ақпараттары (несие және дебет карталарының нөмірлері сияқты жарамдылық мерзімі және егер транзакцияны аяқтау үшін қажет болсанесие картасының қауіпсіздік коды); қойылған шот-фактура мекенжайы, жеткізу мекенжайы, қолтаңба немесе транзакциялар тарихы; адалдық бағдарламасының кез келген аккаунтер тарихы; сондай-ақ сатып алынған, алынған немесе қарастырылған жеке меншік туралы жазбалар, өнімдер немесе Сервистер және сатып алу мен тұтынудың басқа да тарихы;
Геолокациялық деректер: мысалы, пошталық индексі және Сіздің жалпы орналасқан жеріңізді анықтау үшін IP мекенжайының негізінде орналасқан жеріңіз;
Құрылғы туралы ақпарат: мысалы, құрылғының түрі, операциялық жүйесі, IP мекенжайы, құрылғының идентификаторлары;
Аудио -, электронды, визуалды ақпарат: мысалы, фотосуреттер (соның ішінде әлеуметтік желідегі бейінді суреттері), бейнебақылау жүйесінен алынған жазбалар, бейне материалдар немесе дыбыстық жазбалар;
Интернет немесе басқа электрондық желідегі әрекеттер туралы ақпарат: жарнама идентификаторлары, болжалды идентификаторлар және басқа да бірегей деректер немесе онлайн идентификаторлар; сағаттық белдеу баптаулары мен орналасқан жері; браузердің түрі мен нұсқасы; браузердің қосымша модульдерінің түрлері мен нұсқалары; операциялық платформа; интернет провайдері; Сервистерді пайдаланғанға дейін және кейін Сіз кірген беттеріңіз, қарау тарихы мен іздеу тарихы; сіздің беттерге кірген күні мен уақыты; сіз басқан сілтемелер, сіз қарайтын беттер және Сервистердің аясында өзара әрекеттесетін жарнамалар туралы ақпарат, және Сервистерді қалай пайдаланатыныңыз туралы басқа ақпарат; осы сервистерге қол жеткізу үшін құрылғыларда пайдаланатын технологиялар; аудио-, электрондық, визуалды немесе ұқсас ақпарат; және серверлік логтардың стандартты ақпараты. Егер сізде немесе сіздің құрылғыңызда қате пайда болса, біз қате туралы ақпаратты, оның пайда болу уақытын, пайдаланылған функцияны, қате болған сәтте қосымшалардың жай- күйін, сондай-ақ қате пайда болған сәтте берілген кез келген хабарламаларды немесе мәтінді жинай аламыз.
Денсаулық туралы деректер: сіз біздің өнімдеріміздің бірімен және сіздің келісіміміңізбен байланысты денсаулыққа қатысты сұрақтармен бізге хабарласқан кезде емдеу немесе медициналық жағдайлар сияқты денсаулық тарихы сіздің келісіміңізбен жинақталады.
Пайдаланушы жасаған мәтін және коммуникациялар, соның ішінде пікірлер, сауалнамаларға жауаптар және сіз бізге жіберген хабарламалар;
Жиналған дербес ақпараттың белгілі бір санаттары негізінде жасалған қорытындылар, пікірлер, сауалнамаларға берілген жауаптар мен қызығушылықтар сияқты, мысалы, сіздің сүйікті хоббиіңіз немесе Өнімдер, сондай-ақ Коммуникациялардағы артықшылықтар.
Біз сондай-ақ жоғарыда сипатталған ақпаратты жиынтықтай немесе иесіздендіре аламыз. Жиынтықталған немесе иесіздендірілген деректер осы Құпиялылық саясатының қолданысына жатпайды.
Сонымен қатар, осы дербес ақпаратсыз біз сізге барлық сұралған сервистерді ұсына алмауымыз мүмкін және Сервистердегі кез келген айырмашылықтары сіздің дербес ақпаратқа қатысты артықшылықтарыңызға байланысты болуы мүмкін екеніне назар аударыңыз.
ДЕРБЕС АҚПАРАТТАР КӨЗІ
Сізден алынған дербес ақпараттан басқа, біз жоғарыда аталған дербес ақпарат санаттарын басқа көздерден, соның ішінде біздің Сервистеріміздің басқа пайдаланушыларынан, үлестес компаниялардан, жарнамалық желілерден, интернет-провайдерлерден, аналитикалық деректер жеткізушілерінен, мемлекеттік мекемелерден, операциялық жүйелер мен платформалардан, сондай-ақ әлеуметтік желілерден ала аламыз. Мысалы, егер сіз Акцияларға қатыссаңыз, біз сіздің дербес ақпаратыңызды біздің үлестес тұлағалардан ала аламыз. Тағы бір мысал ретінде, егер сіз әлеуметтік желідегі есептік жазбаңызды біздің Сервистерімізде жасалған есептік жазбалармен байланыстырсаңыз, біз сіздің дербес ақпаратыңызды үшінші тарап ұйымдарының әлеуметтік желі платформаларынан ала аламыз.
COOKIE ФАЙЛДАРЫ ЖӘНЕ БАСҚА ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Cookie файлдары мен басқа технологияларды қалай пайдаланатынымыз, соның ішінде Cookie файлдарына қатысты артықшылықтарыңызды қалай басқаруға болатыны туралы толық ақпарат алу үшін, біздің Cookie файлдарына қатысты саясатқа кіріңіз.
БІЗ ДЕРБЕС АҚПАРАТТЫ ҚАЛАЙ ПАЙДАЛАНАМЫЗ
Біз жинайтын дербес ақпаратты келесі іскерлік мақсаттар үшін және егер қажет болса, төменде көрсетілген құқықтық негіздерде пайдалана аламыз:
Өнімдер мен транзакцияларға тапсырыс беру сияқты келісімшартты өңдеуді немесе орындауды қоса алғанда, Сервистерді ұсыну; аналитикалық қызметтерді ұсыну; өнімдер мен қызметтерге сұраныстарды орындау; егер қолданылатын болса, есептік жазбаларға және кез-келген адалдық бағдарламаларына қызмет көрсету; клиенттер туралы ақпаратты тексеру; сондай-ақ біздің Өнімдер туралы ақпаратты қоса алғанда, сізге Коммуникацияларды ұсыну. Осы мақсаттар үшін біз дербес ақпараттың келесі санаттарын қолданамыз: идентификаторлар, демографиялық деректер, коммерциялық ақпарат, геолокация туралы деректер, құрылғы туралы ақпарат, аудио-, электронды және визуалды ақпарат, Интернеттегі немесе басқа электрондық желілердегі әрекеттер туралы ақпарат, пайдаланушылар жасаған мәтін және коммуникациялар, сондай-ақ жиналған жеке ақпараттың белгілі бір санаттары негізінде жасалған қорытындылар.
Қолданыстағы заңдардың аясында акцияларды , атап айтқанда әлеуметтік сақтандыру нөмірлерін, жүргізуші куәліктерінің нөмірлерін және төлқұжат нөмірлерін өңдеу кезінде әкімшілендіру. Осы мақсатта біз дербес ақпараттың мынадай санаттарын пайдаланамыз: идентификаторларды, мемлекеттік органдар берген сәйкестендіргіш, демографиялық ақпарат, коммерциялық ақпарат, геолокация туралы деректер, құрылғылар туралы ақпарат.
Біздің заңды бизнес мақсаттарымыз үшін немесе қажет болған жағдайда сіздің келісіміңізбен, соның ішінде:
Сервистерді жылжыту және жарнамалау, соның ішінде мақсатты жарнама үшін (белгілі бір уақыт ішінде сіздің онлайн әрекетіңізден алынған қорытындылар негізінде жарнаманы таңдау) Сервистердің аясынада да, одан тыс жерлерде де дербес ақпаратыңызды өңдеу. Мысалы, біз сізге мәтінді көрсете аламыз немесе сіздің аймағыңызда өтетін іс-шаралар, Акциялар немесе сізді қызықтыруы мүмкін жаңа Өнімдер туралы хабарламалар жібере аламыз, қайта қол жетімді жарнамалық кампаниялар құра аламыз немесе қызығушылықтары ұқсас аудиторияны қалыптастыра аламыз. Осы мақсатта біз дербес ақпараттың келесі санаттарын қолданамыз: идентификаторлар, мемлекеттік орагн берген сәйкестендіргіш, демографиялық деректер, коммерциялық ақпарат, геолокация туралы деректер.
Сізді біздің Коммуникациялар туралы хабардар ету үшін сіздің маркетингтік қалауларыңызға және ақпарат алудың таңдалған нұсқаларына сәйкес біздің Сервистер мен брендетер туралы жаңалықтар таратулар. Осы мақсатта біз дербес ақпараттың келесі санаттарын қолданамыз: идентификаторлар, демографиялық деректер, коммерциялық ақпарат, геолокация туралы деректер, құрылғы туралы ақпарат, аудио-, электронды және визуалды ақпарат, Интернеттегі немесе басқа электрондық желілердегі әрекеттер туралы деректер, пайдаланушылар жасаған мәтін және коммуникациялар, сондай-ақ жиналған жеке ақпараттың белгілі бір санаттары негізінде жасалған қорытындылар;
Сіздің іс-шаралар мен акцияларға қатысуыңызды және тіркелуіңізді қамтамасыз ету, соның ішінде осы ұсыныстардың аясында жасалған есептік жазбаларды жүргізу. Осы мақсатта біз дербес ақпараттың келесі санаттарын қолданамыз: идентификаторлар, демографиялық деректер, коммерциялық ақпарат, геолокация туралы деректер, құрылғы туралы ақпарат, аудио-, электронды және визуалды ақпарат, Интернеттегі немесе басқа электрондық желілердегі әрекеттер туралы деректер, пайдаланушылар жасаған мәтін және коммуникациялар, сондай-ақ жиналған жеке ақпараттың белгілі бір санаттары негізінде жасалған қорытындылар;
Біздің қызметтерімізді жақсарту үшін, соның ішінде технологиялық даму мен демонстрация үшін ішкі зерттеулер жүргізу, сондай-ақ қызметтерді жаңарту немесе жақсарту. Осы мақсатта біз дербес ақпараттың келесі санаттарын қолданамыз: идентификаторлар, демографиялық деректер, коммерциялық ақпарат, геолокация туралы деректер, құрылғы туралы ақпарат, аудио-, электронды және визуалды ақпарат, Интернеттегі немесе басқа электрондық желілердегі әрекеттер туралы деректер, пайдаланушылар жасаған мәтін және коммуникациялар, сондай-ақ жиналған жеке ақпараттың белгілі бір санаттары негізінде жасалған қорытындылар;
Біздің қызметтеріміздің тиімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, соның ішінде қолданыстағы функционалдылықты нашарлататын қателерді анықтау және жою мақсатында ретке келтіру.
Осы мақсатта біз дербес ақпараттың келесі санаттарын қолданамыз: идентификаторлар, демографиялық деректер, коммерциялық ақпарат, геолокация туралы деректер, құрылғы туралы ақпарат, аудио-, электронды және визуалды ақпарат, Интернеттегі немесе басқа электрондық желілердегі әрекеттер туралы деректер, пайдаланушылар жасаған мәтін және коммуникациялар, сондай-ақ жиналған жеке ақпараттың белгілі бір санаттары негізінде жасалған қорытындылар;
Сізбен байланысу үшін, соның ішінде сіздің сұраныстарыңызға жауап ретінде ақпарат жіберу. Осы мақсатта біз дербес ақпараттың келесі санаттарын қолданамыз: идентификаторлар, демографиялық деректер, коммерциялық ақпарат, геолокация туралы деректер, құрылғы туралы ақпарат, аудио-, электронды және визуалды ақпарат, Интернеттегі немесе басқа электрондық желілердегі әрекеттер туралы деректер, пайдаланушылар жасаған мәтін және коммуникациялар, сондай-ақ жиналған жеке ақпараттың белгілі бір санаттары негізінде жасалған қорытындылар;
Сіздің деребес ақпаратыңызды сіздің келісіміңізбен жинау кезінде біз сізге ашатын кез келген басқа мақсаттар үшін. Осы мақсатта біз дербес ақпараттың келесі санаттарын қолданамыз: идентификаторлар, мемлекеттік органдар берген деректер, демографиялық деректер, коммерциялық ақпарат, геолокация туралы деректер, құрылғы туралы ақпарат, аудио-, электронды және визуалды ақпарат, Интернеттегі немесе басқа электрондық желілердегі әрекеттер туралы деректер, денсаулық туралы деректер, пайдаланушылар жасаған мәтін және коммуникациялар, сондай-ақ жиналған жеке ақпараттың белгілі бір санаттары негізінде жасалған қорытындылар;
Қолданыстағы заңдар мен нормативтік талаптарды орындау үшін. Осы мақсатта біз дербес ақпараттың келесі санаттарын қолданамыз: идентификаторлар, мемлекеттік органдар берген деректер, демографиялық деректер, коммерциялық ақпарат, геолокация туралы деректер, құрылғы туралы ақпарат, аудио-, электронды және визуалды ақпарат, Интернеттегі немесе басқа электрондық желілердегі әрекеттер туралы деректер, денсаулық туралы деректер, пайдаланушылар жасаған мәтін және коммуникациялар, сондай-ақ жиналған жеке ақпараттың белгілі бір санаттары негізінде жасалған қорытындылар;
БІЗ ДЕРБЕС АҚПАРАТТЫ КІМДЕРГЕ АШАМЫЗ
Біз жинаған дербес ақпарат санаттарын келесі үшінші тарап санаттарына іскерлік мақсаттар үшін ашуымыз мүмкін:
Корпоративтік үлестес тұлғалар. Біз идентификаторларды; демографиялық ақпаратты; коммерциялық ақпаратты; геолокация туралы деректер; құрылғылар туралы ақпарат, аудио-, электронды, визуалды ақпарат; Интернеттегі немесе басқа электрондық желідегі әрекеттер туралы деректер; пайдаланушы жасаған мәтін және коммуникациялар; сондай-ақ, жоғарыда сипатталғандай, біздің корпоративтік үлестес тұлғаларға осы ақпарат негізінде жасалған қорытындылар қажет болған жағдайда мынадай мақсаттар үшін: қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету, акцияларды әкімшілендіру, қызметтерді жылжыту және жарнамалау, коммуникациялар арқылы сізді хабардар ету, іс-шаралар мен акцияларға қатысуды және тіркелуді қамтамасыз ету, қызметтерді жақсарту, олардың тиімділігі мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сізбен байланысу, сізге ашылған кез келген басқа мақсаттарда пайдалану, сондай-ақ қолданылатын заңдар мен нормативтік талаптарды орындау. Біз олардың қол жетімділігі олардың міндеттерін орындау үшін қажет нәрсемен ғана шектелетініне және ақылға қонымды шарттық және техникалық қорғау шараларын қолданумен қатар жүретініне көз жеткіземіз.
Қызмет көрсетушілер және іскерлік серіктестер. Біз идентификаторларды; демографиялық ақпаратты; коммерциялық ақпаратты; геолокация туралы деректерді; құрылғылар туралы ақпаратты, аудио-, электронды, визуалды ақпаратты; Интернеттегі немесе басқа электрондық желідегі әрекеттер туралы деректерді; пайдаланушы жасаған мәтін мен коммуникацияларды; сондай-ақ, жоғарыда сипатталғандай, біздің қызметтерімізге қатысты әртүрлі мақсаттар үшін қызмет көрсетушілер мен іскерлік серіктестерге осы ақпарат негізінде жасалған қорытындыларды аша аламыз. Бұл мақсаттар банктік карта бойынша төлемдерді өңдеуді, веб-сайттар мен деректерді орналастыруды, өнімдер мен қызметтерді ұсынуды, тұтынушыларға қызмет көрсетуді, жарнама және маркетингті (соның ішінде cookie файлдарын, пикселдерді, SDK және талдау мен жарнаманың ұқсас құралдарын пайдалануды, келісілген негізінде тікелей e-mail- және SMS маркетингті, жаңалықтарды тарату, жарнамалық хабарламаларды көрсетудің санын есептеуді, салалық стандарттарға сәйкестікті қамтамасыз етуді, жекелендіру мен талдауды), аналитикалық қызметтерді, қауіпсіздік пен өнімділіктің мониторингін, есептік жазбаларды жүргізуді және қамтамасыз етуді, тапсырыстар мен транзакцияларды өңдеуді және орындауды, акцияларды әкімшілендіруді, клиенттердің ақпаратын тексеруді, зерттеу қызметін, аудит және деректерді өңдеудң қамтиды. Мұндай жағдайларда біз дербес ақпаратқа қатысты қатаң құпиялықты қамтамасыз ету және тек қызмет ұсынуға байланысты оны өңдеу үшін қажетті және қолданылатын деректер құпиялылыған әсер етуді бағалау және деректерді қорғау туралы толықтыруларды қоса алғанда ақылға қонымды шарттық және техникалық қорғау шараларын енгізуге ұмтыламыз.
Үшінші тұлғалар демеушілер мен тең демеушілер. Біз идентификаторларды; демографиялық ақпаратты; коммерциялық ақпаратты; геолокация туралы деректерді; құрылғылар туралы ақпаратты, аудио-, электронды, визуалды ақпаратты; Интернеттегі немесе басқа электрондық желідегі әрекеттер туралы деректерді; пайдаланушы жасаған мәтін мен коммуникацияларды; сондай-ақ жоғарыда сипатталғандай, осы ақпарат негізінде жасалған қорытындыларды, біздің қызметтеріміздің маркетингі пен жарнамасы үшін таңдалған үшінші тарап демеушілеріне немесе тең демеушілеріне және сіздің тіркелгеніңізді және іс-шаралар мен акцияларға қатысуыңызды қамтамасыз етуді аша аламыз, мысалы, олар сізге ұсыныстар ұсына алады және іс-шараларға тіркелу мен қатысуды (онлайн немесе бетпе-бет) қолдайды. Маркетингтік ұсыныстарды немесе олардан басқа ақпаратты алу үшін сіз өзіңіздің дербес ақпаратыңызды үшінші тарап демеушісіне немесе тең демеушіге ашуға шешім қабылдай аласыз. Біздің демеушілер мен тең демеушілер белгілеген қосымша шарттар әр ұсыныс үшін дербес ақпаратты пайдалану және ашу тәртібін реттей алатынына назар аударыңыз. Біз демеушілеріміздің немесе тең демеушілеріміздің құпиялылық саясаты үшін жауапкершілік атқармаймыз. Сондықтан, олар сіздің дербес ақпаратыңызды қалай өңдейтіні туралы толығырақ ақпарат алу үшін олардың құпиялылық саясатымен танысуды ұсынамыз.
Сіздің келісіміңіз бойынша басқа тараптарға. Орналасқан жеріңізге байланысты біз сіздің дербес ақпаратыңызды, бұл браузерлер мен құрылғылар арасындағы әрекеттерді байланыстыруды, аудитория сегменттерін құруды немесе нақтылауды, тиімділік пен қол жетімділікті өлшеуді, біздің атымыздан жарнамаларды көрсететін қосымшалар мен платформаларда, басқа сайттарда алаяқтықты анықтау және жарнаманы көрсету жиілігін шектеуді қоса алғанда біздің қызметтерімізде және одан тыс жарнаманы шектеу үшін өңдеуді қоса алғанда қызметтерді жылжыту және жарнамалау мақсатында аша аламыз. Бұл рұқсат етілген жағдайда біз хэштелген идентификаторларды (мысалы, бір жақты хэштелген форматтағы электрондық пошта мекенжайы) пайдаланушы немесе ұқсас аудиторияларды құру үшін платформаларға жібере аламыз; бұл платформалар деректерді тек өңделмеген идентификаторларды алмай-ақ жарнамаларды сәйкестендіру және жеткізу үшін пайдаланады. Сондай-ақ, біз сіздің дербес ақпаратыңызды кез келген басқа мақсаттар үшін деректерді жинау сәтінде сізге ашылған және сіз келісім берген үшінші тұлғаларға аша аламыз.
Коммерциялық операцияға байланысты басқа тараптарға. Біз сіздің дербес деректеріңізді корпоративтік мәмілелермен байланысты сатылым, қосылу, бірігу, активтерді сату, қайта ұйымдастыру немесе банкроттық немесе осындай ұқсас процестердің аясында аша аламыз. Бұл жағдайда деректерді беру тек орындылықты бағалау үшін ақылға қонымды қажет немесе advisability мәмілелермен шектеледі.
Заңды мақсаттарда басқа тараптарға. Біз сіздің дербес деректеріңізді, егер бұл қолданыстағы заңдарды, соның іішнде сіздің тұрғылықты еліңізден тыс заңдарды; сотқа шақыру қағаздарының, соттың бұйрықтарының, құқықтық рәсімдердің, мемлекеттік және реттеуші органдардың сұратуларының талаптарын орындауды, сондай-ақ Monster, біздің үлестес тұлғаларымызды, пайдаланушыларымызды немесе қоғамымызды қорғауға және қауіпсіздіктерін, мүдделерін, құқықтарын қорғауға қажет болса аша аламыз.Біздің қызметтерімізде үшінші тарап сайтына немесе сервисіне сілтеменің болуы олардың біздің немесе біздің үлестес тұлғаларымыздан тарапынан мақұлдағанын білдірмейді.
Егер сіз әлеуметтік желі сайттары немесе біздің қызметтеріміз арқылы қол жетімді басқа сайттар сияқты үшінші тарап сервистерін (YouTube немесе Vimeo сияқты үшінші тараптар орналастырған бейнематериалдарға сілтемелерді қоса алғанда) пайдалансаңыз, бұл үшінші тарап сервистері сіз туралы ақпаратты соның ішінде біздің қызметтердегі белсенділік туралы деректерді жинай алады және біздің қызметтерді сіздің пайдаланатыныңыз туралы осы үшінші тарап сервистерінде олардың меншікті құпиялылық саясатына сәйкес сіздің байлануысушы тұлғаларыңызға хабарлай алады.
Бұдан басқа, егер сіз біздің қызметтердің аясында жарияланған белсенділікке, мысалы форумдарда, чаттарда, бейінді беттерде, блогтарда немесе әлеуметтік желілердегі біздің беттерде қатысамын деп шешсеңіз, сіз орналастырған немесе ашқан кез келген ақпарат көпшілікке жария етілетінін білуіңіз керек. Біздің қызметтерді пайдаланушылар, сондай-ақ кең аудитория бұл ақпаратты оқи алады, жинай алады немесе пайдалана алады. Ақпаратты ашқан кезде абай болуды ұсынамыз. Біз сіз осы қоғамдық кеңістіктерде ұсынғыңыз келетін ақпарат үшін жауапкершілік атқармаймыз.
ДЕРЕКТЕРДІ ҚОРҒАУ
Біз біздің ұйым қызметінің аясында дербес ақпаратты қорғау үшін ақылға қонымды ұйымдастырушылық, техникалық және әкімшілік шараларды қолданамыз. Сіз ешқандай деректерді беру немесе сақтау жүйесіне 100% кепілдік берілмейтінін түсінуіңіз керек. Үшінші тұлғалар жинайтын дербес ақпарат бізге берілген ақпаратпен бірдей дәрежеде қорғалмауы мүмкін екеніне және біз мұндай ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты емес екенімізге назар аударыңыз.
ДЕРЕКТЕРДІ САҚТАУ МЕРЗІМІ
Біз жинаған дербес ақпаратты осы Құпиялылық саясатында жазылған мақсаттар мен критерийлерді, соның ішінде оның жиналған мақсатын, бизнес қажеттіліктерімізді және құқықтық және нормативтік міндеттемелерімізді орындау үшін ақылға қонымды түрде ғана сақтаймыз. Дербес ақпаратты сақтау мерзімін анықтаған кезде біз уақыт ұзақтығын, олар осы уақыт ішінде Қызмет ұсынуға, сондай-ақ аудит мақсаттар үшін құқықтық және нормативтік міндеттемелерді орындауға, Қызметтерге қатысты ықтимал шағымдарды өңдеуге; кез келген сот талқылауларын немесе реттеуші тергеулерді қарауға; және ықтимал заңды талаптарды қорғауға немесе ұсынуға олар үшін жиналған қажет ақпарат екенін назарға аламыз. Мұндай сақтау мерзімі аяқталғаннан кейін дербес ақпарат жойылады немесе күші жойылады.
КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Біз 16 жасқа толмаған балалардың дербес ақпаратын саналы түрде жинамаймыз. Егер сіз 16 жасқа толмаған бала (немесе сіздің юрисдикцияңызда белгіленген ең төменгі жас) қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, бізге дербес ақпарат берді деп есептесеңіз, осы Құпиялылық саясатының «Бізбен байланысыңыз» бөлімінде көрсетілген тәсілдердің кез келгені арқылы бізге хабарласыңыз. Біз саналы түрде 16 жасқа толмаған тұтынушылардың дербес ақпаратын мінез-құлық жарнамалары немесе басқа мәтіндегі мақсатты жарнамалар үшін сатпаймыз немесе бермейміз.
ДЕРБЕС АҚПАРАТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БЕРУ
Қызметтерді біз Құрама штаттарынан бақылаймыз және ұсынамыз. Сіздің дербес ақпаратыңыз провинциядан, штаттан, сіз тұратын аумақтан немесе елден тыс жерде берілуі және сақталуы мүмкін. Еуропалық экономикалық аймақтан (EЭA) немесе Ұлыбританиядан Құрама штаттары сияқты елдерге беруді қоса алғанда, Сіздің дербес ақпаратыңызды халықаралық деңгейде берген жағдайда, жағдайында біз сіздің деректеріңізді қорғау үшін тиісті кепілдіктердің болуын қамтамасыз етеміз. Мұндай кепілдіктерге Еуропалық Комиссия бекіткен стандартты шарттық талаптарды (SCCs) және егер қолданылса, Ұлыбританияның деректерді беру туралы халықаралық келісімін немесе SCCs-ке британдық толықтыруларды пайдалануды қамтиды. Біз сондай-ақ бағалауды жүргіземіз және қажет болған жағдайда сіздің дербес ақпаратыңыз GDPR және британдық GDPR сәйкес келетін қорғаныс деңгейіне ие болуын қамтамасыз ету үшін қосымша шараларды іске асырамыз. Біздің корпоративтік топтың аясында ішкі тарату үшін біз ұқсас кепілдіктерді қамтитын ішкі деректерді беру келісімге сүйенеміз. Осы Құпиялылық саясатында көрсетілген кез келген тәсілмен бізбен байланысу арқылы бізден осы шотқа қосымша ақпаратты немесе тиісті кепілдіктердің көшірмесін сұрай аласыз.
АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ
Біз автоматтандырылған құралдарды пайдалана алатынымызға қарамастан, біз сіздің дербес ақпаратыңызды адамның қатысуынсыз сіз үшін заңды немесе ұқсас ауыр салдарға әкелуі мүмкін тек автоматты өңдеуге негізделген шешімдер қабылдау үшін пайдаланбаймыз.
СІЗДІҢ ҚҰПИЯЛЫҚҚА АРНАЛҒАН ҚҰҚЫҚТАРЫҢЫЗ БЕН ТАҢДАУЛАРЫҢЫЗ
Сіздің тұрғылықты жеріңізге байланысты және қолданыстағы заңнамада қарастырылған белгілі бір ерекшеліктерді ескере отырып, сіз біз өңдейтін дербес ақпаратыңызға қатысты келесі құқықтарға ие бола аласыз:
Ақпараттық құқығы: Сіз бізде қандай дербес ақпарат жиналғанын, соның ішінде дербес ақпарат санаттарын, оның жиналған көздерінің санаттарын, оны жинау, сату немесе беру үшін іскерлік немесе коммерциялық мақсаттарды, сондай-ақ осы ақпаратты біз жариялайтын үшінші тараптардың санаттарын білуге құқығына ие бола аласыз.
Қолжетімділік және деректерді тасымалдау құқығы: Сіз біз жинаған дербес ақпаратыңыздың көшірмесін сұрауға құқығына ие бола аласыз. Біз бұл ақпаратты басқа тұлғаға кедергісіз беруге мүмкіндік беретін портативті және техникалық тұрғыдан мүмкіндігінше ыңғайлы форматта жауап береміз.
Түзету, индекстеуден алып тастау және/немесе жою құқығы: Сіз белгілі бір мән-жайларда дербес ақпаратыңызды түзетуді, индекстеуден алып тастауды немесе жоюды сұрауға құқығына ие болуыңыз мүмкін.
Сатудан, беруден немесе мақсатты жарнамалаудан бас тарту құқығы: Біздің сіздің дербес ақпаратыңызды белгілі бір үшінші тарап жеткізушілеріне жариялау және/немесе кейбір бақылау технологияларын пайдалану АҚШ-тың белгілі бір құпиялылық заңдарына сәйкес «сату», «беру» немесе «мақсатты жарнамалау» сияқта қарастырылуы мүмкін. Біздің веб-сайттың төменгі жағында орналасқан «Менің жеке ақпаратымды сатпаңыз немесе бермеңіз» сілтемесін басып, мақсатты жарнама мақсаттары үшін сіздің дербес ақпаратыңызды сатудан және дербес ақпаратты өңдеуден бас тарту құқығына ие бола аласыз. Бас тарту артықшылығы браузер деңгейінде анықталғандықтан, бұл сигналды өңдеуден бас тартқыңыз келетін әр браузер және/немесе құрылғы үшін жеке іске қосу талап етілетінен назар аударыңыз.
Келісімді қайтарып алу құқығы: Егер сіздің дербес ақпаратыңызды өңдеу келісім негізінде жүзеге асырылса, сіз келісімді кез келген уақытта кері қайтаруға құқығына ие бола аласыз.
Қарсылық білдіру құқығы: Сіз егер (i) біздің заңды мүдделеріміз негізінде және/немесе (ii) тікелей маркетинг мақсатында оны біз өңдейтін болсақ өзіңіздің дербес ақпаратыңызды өңдеуге қарсылық білдіру құқығына ие бола аласыз.
Біз жинайтын кейбір ақпаратты қолданыстағы заңнамаға сәйкес құпиялы дербес ақпарат деп санауға болатынына қарамастан, біз мұндай ақпаратты жоғарыда сипатталған мақсаттардың шектеулі саны үшін немесе заң талаптарын орындау үшін қолданамыз және ашамыз. Мысалы, біз сіздің құпиялы дербес ақпаратыңызды жарнамалық ұсыныстар немесе сыйлықтар беруге байланысты заңды талаптарды орындау үшін өңдей аламыз.
Cookie файлдарын пайдалану саясатында егжей-тегжейлі сипатталғандай, cookie артықшылықтарын басқару құралы көмегімен веб-сайттың жұмыс істеуі үшін қажетті ақпаратты қоспағанда, сіздің дербес ақпаратыңызды автоматты түрде жинаудан бас тартуға немесе өшіруге болады. Алайда, осы дербес ақпаратсыз біз сізге барлық сұралған қызметтерді ұсына алмайтын жағдайда болуымыз мүмкін екеніне назар аударыңыз.
Құпиялылық құқығыңызды пайдалану үшін бізге 855-488-1212 телефон бойынша хабарласып немесе осы нысанды толтырып, р[email protected] мекенжай бойынша электрондық хат жіберу арқылы сұрату жібере аласыз. Біз сіздің сұратуыңызды алғаннан кейін және оның түріне байланысты біз сіздің жеке басыңызды растау үшін жеткілікті ақпаратты сұрап, тексеру жүргіземіз. Біз сіздің құпиялылық құқықтарыңызды құрметтейміз және сіздің құпиялылық құқықтарыңызды жүзеге асыру үшін сізге қарсы жауапты әрекет жасамаймыз.
Тек сіз немесе сіздің атыңыздан әрекет етуге уәкілеттік берілген тұлға сіздің дербес ақпаратыңызға қатысты тұтынушы құқықтары негізінде расталған сұратуды жібере алады. Егер сіз өзіңіздің құқықтарыңызды жүзеге асыру үшін уәкілетті агентті пайдаланғыңыз келсе, біз сіздің атыңыздан сұратуды беру үшін сіз осындай агенттің әрекет етуіне берілген жазбаша сенімхат бергеніңіз туралы дәлелдер сұрай аламыз. Біз белгілі бір мән-жайларда, сіздің жеке басыңызды растау мүмкін болмаған кезде немесе Monster сіздің ақпаратыңызды қолданыстағы заңнамаға сәйкес сақтауға міндетті болған кезде, сұранысты алаяқтық деп санауға негізді себептер болған жағдайда, сұратуларды қабылдамау құқығын өзімізге қалдырамыз. Сондай-ақ сіздің [email protected] мекенжайға жіберген электрондық хатыңызды біз қабылдамаған жағдайда, сіз біге шағым бере аласыз.
Жоғарыда сипатталған нұсқаларға толықтыру ретінде сіз бізден маркетингтік электрондық хаттарды алудан бас тарта аласыз. Егер сіз болашақта бізден маркетингтік электрондық хаттарды алғыңыз келмесе, тиісті хабарламадан «бас тарту» сілтемесін басу арқылы оларды алудан бас тартуға болады. Мұндай хабарламаларды алудан бас тарту арқылы сіз әлі де бас тарта алмайтын маңызды әкімшілік хабарламаларды ала алатыныңызға назар аударыңыз.
Адалдық бағдарламалары және қаржылық ынталандыру туралы хабарлама
Monster және оның үлестес компаниялары тұрақты тұтынушыларды өнімді сатып алғаны үшін марапаттау және алғыс білдіру үшін бағдарламалар мен ұсыныстар ұсынады. Мысалы, біз белгілі бір адалдық бағдарламалардың, акциялардың, науқандардың немесе басқа да осындай бастамалардың аясында арнайы ұсыныстар бере аламыз. Бұл сыйақылар мен арнайы ұсыныстар сіздің дербес ақпаратыңызды ұсынуыңызға немесе жинауыңызға байланысты емес. Сіздің бағдарламаларға қатысуыңыз ерікті түрде болып табылады және сіз кез келген уақытта бағдарламаның талаптарында жазылған нұсқаларды пайдаланып немесе осы Құпиялылық саясатының «Бізбен байланысыңыз» бөлімінде сипатталған тісілдердің кез келгені арқылы бізбен байланысу арқылы өзіңіздің қатысуңызды тоқтата аласыз.
Сыйақы бағдарламалары мен қаржылық ынталандырулар туралы ескерту
Monster және оның серіктестері өнімдерді сатып алғаны үшін адал тұтынушыларымызға ризашылығын білдіру және оларды ынталандыру үшін ұсыныстар мен бағдарламалар ұсынады. Мысалы, біз кейбір сыйақы бағдарламалары, жарнамалар, науқандар немесе басқа осындай ұсыныстар аясында арнайы ұсыныстар ұсынуымыз мүмкін. Бұл сыйақылар мен арнайы ұсыныстар жеке ақпаратыңызды беруіңізге немесе оны жинауымызға байланысты бола алмайды. Бағдарламаларға қатысуыңыз ерікті, және сіз осы бағдарламаның шарттарында көрсетілген нұсқалар немесе осы Құпиялық саясатының «Бізбен байланысу» бөлімінде көрсетілген әдістер арқылы бізбен байланысып, кез келген уақытта қатысудан бас тарта аласыз.
Біз осы бағдарламаларды іске асыру үшін осы Құпиялылық саясатының «Біз жинайтын дербес ақпарат» бөлімінде аталған дербес ақпарат (олардың кейбіреулері қолданыстағы заңнамаға сәйкес сезімтал дербес ақпарат ретінде жіктелуі мүмкін) санаттарын жинаймыз және пайдаланамыз. Біз сондай-ақ осы бағдарламаларды іске асыру үшін үшінші тарап демеушілер мен тең демеушілерді, қызмет жеткізушілерді, іскерлік серіктестерді қоса алғанда, үшінші тараптармен ынтымақтастыө қатынаста боламыз. Бағдарламадан шығудан басқа, сіз осы Құпиялылық саясатында сипатталғандай дербес ақпаратыңызды жоюды сұрай аласыз. Егер сіз бағдарламаға қатысуға байланысты жиналған дербес ақпаратыңызды жою туралы сұрату берсеңіз, бұл деректерді жою сіздің бағдарламаға қатысу қабілетіңізге әсер етуі немесе оның артықшылықтарына қол жеткізуі мүмкін, өйткені бұл деректер сізге бағдарламалық қызметтерді ұсыну үшін қажет. Біздің ақылға қонымды және адал бағалауымызға сәйкес біз Мonster және оның үлестес компанияларының өнімдері мен брендтеріне тұтынушылардың қатысуын арттыру түріндегі бағдарламалардан пайда көреміз, дегенмен бұл артықшылықтар әр клиенттің бағдарламаға қатысу дәрежесіне байланысты өзгереді.
Калифорния тұрғындарының басқа құқықтары:
«Shine the Light» құқығы (Ақпаратты ашу құқығы): Жеке, отбасылық немесе үйде пайдалану үшін өнімдерді немесе қызметтерді сатып алуға байланысты белгілі бір дербес ақпаратты ұсынатын Калифорния тұрғындары күнтізбелік бір жылда бір рет бізден олар тікелей маркетингтің өзіндік мақсаттарға пайдалану үшін басқа ұйымдарға бере алатын клиент деректері туралы ақпаратты сұрауға және алуға құқылы. Егер қажет болса,мұндай ақпарат өткен күнтізбелік жыл ішінде берілген клиенттің деректер санаттарын, сондай-ақ біз осындай деректермен бөліскен ұйымдардың атаулары мен мекен-жайларын қамтиды.
Құпиялылықты жаһандық бақылау және «Қадағаламаңыз» (Do Not Track) сигналдар: Біздің веб-сайт Құпиялылықты жаһандық бақылау сигналдарын (Global Privacy Control, GPC) оқиды және қолдайды. Егер сіздің браузеріңіз немесе құрылғыңыз GPC сигналын жіберсе, біз оны сіздің дербес ақпаратыңызды сатудан немесе алмасудан бас тарту туралы сұрату ретінде (егер бұл Калифорния (CCPA) тұтынушыларының құпиялылығы туралы заң және осыған ұқсас заңдар сияқты тиісті құпиялылық туралы заңдарға сәйкес қолданылса) қарастырамыз.
Мәтінді жою: Сонымен қатар, егер сіз Калифорния тұрғыны болсаңыз, 18 жасқа толмаған болсаңыз және тіркелген Сервис пайдаланушысы болсаңыз, бізге [email protected] mailto мекенжайындағы электрондық пошта бойынша бізге жазып не осы Құпиялылық Саясатының соңынды «Бізбен байланысыңыз» бөлімінде көрсетілген байланысу деректерді пайдаланып, Сервистерде сіз жариялаған мәтінді немесе ақпаратты бізден жоюды сұрай аласыз.
ЕУРОПАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚ ПЕН ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫ
Еуропалық Одақтың немесе Ұлыбританияның заңнамасында көзделген жағдайларда сіз өзіңіздің дербес деректеріңізді өңдеудің кейбір түрлеріне қарсылық білдіруге немесе оларды біздің тарапымыздан өңдеуді шектеуге құқығыңыз болуы мүмкін. Сіз бұл құқықтарды осы нысанды толтыру арқылы пайдалана аласыз.
Monster Energy Company компниясы сіздің дербес ақпаратыңыздың деректерін бақылаушы болып табылады. Егер сіздің дербес деректеріңізді өңдеуге қатысты сұрақтарыңыз немесе шағымдарыңыз болса, бізбен [email protected] электрондық пошта мекенжайы арқылы хабарласа аласыз немесе мына пошта мекенжайларын пайдалана аласыз:
Деректерді бақылаушы: | Еуропалық байланысу орталығы |
Monster Energy Company | Monster Energy Europe Limited |
Сіз тұратын немесе жұмыс істейтін ЕО еліндегі қадағалау органына шағым беруге құқығыңыз бар екеніне назар аударыңыз. ЕО қадағалау органдарының байланыс деректерінің толық тізімі осында қол жетімді. Егер сіз Ұлыбританияда тұрсаңыз немесе жұмыс жасасаңыз, сіз Ұлыбританияның Ақпараттың уәкілетті басқармасына шағым беруге құқығыңыз бар
КАНАДА ТҰРҒЫНДАРЫ: ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ
Сіздің дербес ақпаратыңызды қорғау үшін біз билік ететін дербес ақпаратты басқаруды реттейтін саясаттар мен рәсімдерді енгіздік. Осы саясаттар мен рәсімдердің барлығын біздің құпиялылық үшін жауапкершілігімізді мақұлдады.
Біздің Сервистер арқылы сіздің дербес ақпаратыңызды жинау осы бағдарламаның талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Құпиялылық үшін жауапты тұлға
Біздің аға басшылар құпиялылық бағдарламасын басқаруды құпиялылық үшін жауапты тұлғаға тапсырды. Құпиялылыққа жауапты тұлғаның міндеттері біздің ішкі құпиялылық бағдарламамызды басқару және мониторинг жүргізуді қамтиды. Құпиялылық үшін жауапты тұлға біздің құпиялылық саясатымыз бен рәсімдерімізді әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ олардың тиісті түрде жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Құпиялылық үшін жауапты тұлға бағдарламаның тиімділігі туралы жоғары басшылыққа есеп береді.
Құпиялылық үшін жауапты тұлға сіздің дербес ақпаратыңызды өңдеуге және қорғауға қатысты сұрақтар, шағымдар немесе сұратулар туындаған жағдайда сізге қажетті қолдау көрсетуге жауапкершілік атқарады. Осы Құпиялылық саясатының «Бізбен байланысыңыз» бөлімінде көрсетілген байланыс деректерін пайдаланып, құпиялылық үшін жауапты тұлғамен байланыса аласыз. Барлық сұрақтар, шағымдар мен сұратулар мұқият қаралады және құпиялылық үшін жауапты тұлға зерттеу жүргізеді. Сізге кез-келген осындай тергеудің нәтижелері туралы хабарланады.
ОСЫ ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ САЯСАТЫН ЖАҢАРТУ
Біз осы Құпиялылық саясатына кез келген уақытта өзгерістер енгізе аламыз. Осы саясатты мезгіл-мезгіл тексеріп отырыңыз және оның соңғы рет қашан жаңартылғанын білу үшін Құпиялылық саясатының басында көрсетілген «Соңғы жаңарту» күнінен көре аласыз. Кез келген өзгерістер «Соңғы жаңарту» ретінде көрсетілген күннен бастап күшіне енеді.
БІЗБЕН БАЙЛАНЫСЫҢЫЗ
Егер сізде осы Құпиялылық саясатына немесе дербес деректерді қалай өңдейтінімізге қатысты сұрақтарыңыз немесе ескертулеріңіз болса, бізбен келесі тәсілдердің бірімен хабрласа аласыз:
Сіз пошта арқылы мекенжай бойынша хабарласа аласыз:
Monster Energy Company
FAO: Құпиялылық бөлімі
Заң бөлімі
1 Monster Way
Corona, CA 92879 АҚШ
Сіз сондай-ақ [email protected] мекенжайы бойынша электрондық хат жібере аласыз. Электрондық пошта әрқашан байланыс арналарының қауіпсіз байланыс түрі болмайтынына назар аударыңыз, сондықтан электрондық поштаңызға несие картасы туралы ақпаратты немесе басқа құпия ақпаратты жазбаңыз.
МҮГЕДЕКТІГІ БАР ТҰЛҒАЛАР ҮШІН ҚОЛЖЕТІМДІЛІК
Мүмкіндігі шектеулі пайдаланушылардың осы Құпиялылық саясатына балама форматта қалай қол жеткізе алатыны туралы қосымша ақпарат алу үшін бізге [email protected] мекенжайы бойынша хабарласа аласыз. Сондай-ақ, сіз біздің веб-сайтта орналасқан қол жетімділік виджетін пайдаланып, қол жетімділік параметрлерін баптай аласыз.